Жаңалықтар
«АТЫРАУ» - «ЖЕТІСУ» - 0:3
19 Қазан, 2019
216


Премьер Лига ойындарының 30 туры аясында «Атырау» мен «Жетісу» командалары Атырау қаласында кездесті.
Алғашқы жылдам голды жетісулық ойыншы Мартин Тошев салып, команданы жігерлендірді. Үзіліске дейін тағы жергілікті команда қақпасына тағы да 2 гол кіріп, жетісулықтар басымдықты өз қолдарына алған. Гол авторлары Руслан Степанюк, Ненад Адамович.
Екінші кезеңде есепте өзгеріс болмады.
Қорытынды есеп – 0:3. Жеңіс жетісулықтардың қоржынында.