Жаңалықтар
АСКАР ҚОЖАБЕРГЕНОВ: «ПАЙДА БОЛҒАН МҮМКІНДІКТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРА АЛМАДЫҚ»
19 Қазан, 2019
237


«Атырау» Бас бапкері Аскар Кожабергенов «Жетсу» командасымен болған матч туралы пікір білдірді.
- ойын алдында үлкен тапсырма тұды, жігіттерді ҚР Кубогындағы жеңілістен кейінгі түсіп кеткен психологиялық құлдыраудан алып шығу керек болды. Сонымен қоса, өткен матчта 5 ойыншы жарақат алып, жалпы дайындыққа қатыспай, соңғы сәттерде ғана қатарға қосылған еді. Ойынға тыңғылықты дайындалды, «Жетісудың» күшті және әлсіз тұстарын білдік, олар ұйымдасқан, тәртіпті команда. Өкінішке орай, бірінші, екінші голды да тез жіберіп алдық, ал үшінші голды жіберіп алғаннан кейін ойынға араласу өте қиын болды. Екінші кезеңде ойынға өзгерістер енгізіп, агрессия қосқан едік, өкінішке орай, пайда болған мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмадық.