Жаңалықтар
ОЛЖАС КЕРИМЖАНОВ: «КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ АРҚАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІК»
11 Қыркүйек, 2020
954


- Біз бүгін жалпы командалық жұмыстың есебінен жеңіске жеттік деп ойлаймын. Әркім өзіне тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, қате жібермеуге тырысты, тиісті мінез көрсетіп, қажетті жеңіске жете алды. Кезекті үш ұпай турнир кестесінің таблицасының ортасына жайғасуға толық мүмкіндік береді. Біз ары қарай нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз.